Пәкістан Сыртқы істер министрі Зарифпен телефонмен сөйлесті
(last modified Mon, 18 Feb 2019 07:43:03 GMT )
Ақп 18, 2019 13:43 Asia/Almaty
  • Пәкістан Сыртқы істер министрі Зарифпен телефонмен сөйлесті

Пәкістан Сыртқы істер министрі Исламабадтың Теһранмен Иранның шығысында болған лаңкестік оқиғаны зерттеу үшін ынтымақтастық жасауға әзірлігін мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Ғорейши жексенбі күні Иран Сыртқы Істер министрі Мұхаммад Джавадпен телефонмен сөйлесуінде Хаш-Заһедан күре жолында болған лаңкестік оқиғаны айыптап, Пәкістан үкіметі арнайы тобының бұл лаңкестік оқиға туралы Иран басшыларымен сөйлесіп, оқиғаны зерттеу үшін Теһранға аттанғанын мәлімдеді.

Теһрандағы Пәкістан елшісі Рафат Масуд Иран Сыртқы Істер Министрлігіне шақыртылып, оған Теһранның Пәкістан үкіметі мен армиясынан Пәкістан мен Иран арасындағы шекара аймағындағы белсенді лаңкестік топтарға қарсы шынайы әрі қатаң шара қолданып, лаңкестік топтарға қатігез әрекеттерімен екі ел арасындағы бейберекеттік пен сенімсіздікті арттыруға рұқсат етпеу қажеттігін күтетіні қатаң табысталды.