Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігі 14-ші рет расталды
(last modified Sat, 23 Feb 2019 09:23:39 GMT )
Ақп 23, 2019 15:23 Asia/Almaty

Иранның Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі әрі елшісі Ғарибабади АҚХА-ның Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне беріктігін 14-ші рет растағанын мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Казем Ғарбиабади жұма күні АҚХА Бас директорының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының дұрыс орындалуы туралы он төртінші есебі жариялануымен бір мезгілде: «Бұл есепте оған дейінгі 13 есептегі сияқты осы ядролық келісімді жүзеге асыру басталғаннан бері Агенттіктің Иранның міндеттемелерін дұрыс орындауын қадағалауды жалғастырғаны айтылған.

Иранға жамандық тілеушілер мен дұшпандардың АҚХА пен халықаралық қауымдастықтың назарын ауытқыту үшін жасаған көптеген талпыныстарына қарамастан, Иран мен агенттіктің әріптестігі сындарлы жалғасып келеді»,-деді.