Иран Сыртқы істер министрі Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды
(last modified Thu, 28 Feb 2019 10:24:03 GMT )
Ақп 28, 2019 16:24 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды

ИИР Сыртқы істер министрі Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстарға өкініш білдіріп, екі елді ұстамдылыққа шақырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курейшимен телефонмен сөйлесіп, Теһранның Нью-Дели мен Исламабад арасындағы қайшылықты бейбіт жолмен шешуге көмектесуге әзір екенін мәлімдеп, екі елді тез арада келіссөзді бастауға шақырды.

Сейсенбі күні Үндістан армиясы қырғи ұшақтарының Пәкістанның солтүстік-батысындағы лаңкестік топтардың базасына жасаған шабуылында 300-ге жуық адам қаза тапты.

Бұл шабуылдан кейін сәрсенбі күні Үндістан мен Пәкістан армияларының әуе күштері бір-бірінің қырғи ұшақтарына шабуыл жасап, Үндістан армиясының екі ұшағы, Пәкістан армиясының бір ұшағы құлатылды.