Коэн Трампты әшкереледі
(last modified Thu, 28 Feb 2019 13:03:13 GMT )
Ақп 28, 2019 19:03 Asia/Almaty
  • Коэн Трампты әшкереледі

Дональд Трамп 2016 жылдың қараша айында өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен соң 2017 жылдың қаңтар айының 20 күні Ақ үйге кірді. Қазір оның билік етіп отырғанына 2 жылдан асты. Осы уақыт ішінде Трамп АҚШ-тың іші мен сыртына көп әсер еткен көптеген жанжалды істер мен саясат жүргізді.

 

Конгресс пен Ақ үйдің қайшылықтары көбейіп, Трамп пен оның сайлау штабының Ресеймен байланысы туралы мәселелер көбірек әшкере болған соң, кейбір сарапшылардың пікірінше, АҚШ Президенті 2019 жылы оставкаға кетуге немесе интерпелляцияға ұшырауға жақынырақ болмақ.

Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэнге Конресс алдында өтірік айтуға бұйрық бергені туралы ақпараттар расталса, оның не оставкаға кететіні немесе интерпелляцияға ұшырайтыны ескертілді.

Ресейдің 2016 жылы АҚШ-та өткен президенттік сайлауға араласқаны туралы істің арнайы тергеушісі Роберт Мюллердің тексерістері аяқталып қалғанда Майкл Коэн Трамптың сайлау науқанының сахна сыртындағы жайттарынан жаңа ақпараттарды әшкереледі. Бұл Мюллердің тексерісін жаңа кезеңге енгізді.

Осы саладағы жаңа өзгерісте Майкл Коэн сәрсенбі күні  АҚШ-тың Өкілдер палатасының жиналысында Трампқа президенттікке жету жолында көрсеткен барлық көмегіне өкініш білдіріп, АҚШ Президентіне әртүрлі айтып тағып, Трампты нәсілшіл, өтірікші әрі алаяқ деп атады.

Коэн мұнымен бір мезгілде Трамптың келесі президенттік сайлауда жеңіліске ұшырайтынына білдіретін реакциясына да алаңдаушылық білдірді.   

АҚШ-тың Өкілдер палатасының бақылау комитетінде куәлік еткен Коэн Трамппен әріптестік жасаған 10 жылдық тәжірибесіне тоқталып: "Егер ол 2020 жылғы сайлауда жеңіліс тапса, билікті ешқашан бейбіт түрде бермейді. Соған алаңдап отырмын",-деді.

Коэн осы алаңдаушылықты жиналысқа келуі мен Трампқа қызмет еткен кездегі заңсыз істерін мойындауының басты себебі деп атады.

Трамп Twitter-дегі жеке парақшасында Коэнның куәлік еткеніне білдірген реакциясында: "Ол түрмеге қамалу жазасын азайту үшін өтірік айтуға талпыныс жасап жатыр",-деп жазды.  

Коэнның жаңа әшкерелеушіліктері Трамп үшін үлкен соққы саналады. Коэн өткен 2 жылдың ішінде Ресеймен байланыстың болғаны және үнсіз қалу ақысының төленгені туралы барлық айыпты теріске шығарып келген болатын.

Енді Дональд Трампқа таңылған айыптарға мықты куәлер Трамп ісінің арнайы тергеушісі Роберт Мюллердің қолында ғана емес, Өкілдер палатасындағы көпшілік дауысқа ие демократтар да бар. Олар Президентке қарсы интерпелляция үдерісін бастай алады.

Шын мәнінде қазір қарапайым ақлақтық қасиеттерден жұрдай адам АҚШ-тың Президенті болып отыр. Оған қарсы берілген куәліктерді ескере отырып, ол қолда бар барлық құралды өз мақсатына жету үшін оңай қолданады.