Могерини "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жалғастыруға мүдделік танытты
(last modified Wed, 13 Mar 2019 14:29:36 GMT )
Нау 13, 2019 20:29 Asia/Almaty
  •  Могерини

2015 жылдың 14 маусымында Иран мен "алтылық" топ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы деп аталған ядролық мәселе туралы келісімге қол қойды.


Келісім 2016 жылдың 16 маусымынан бастап іске асырыла бастады. АҚШ үкіметі 2016 жылдың 16 маусымынан бастап, Иранның бұл келісім бойынша ядролық мәселеге қатысты санкциялардың күшін жоюдан кейінгі экономикалық басымдылықтардан пайдалануына тосқауыл жасады.  Билік басына Трамп үкіметінің келуімен қастандықтар арта түсті. Трамп президенттік сайлау кезінде және Ақ үйге енгеннен кейін де сан рет "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын «ең жаман келісім» деп атап, АҚШ-ның бұл келісімнен шағатынын айтып,  қоқан-лоққы жасады. 2018 жылдың 8 мамырында Трамп бұл келісімдегі Вашингтонның міндеттемелерін бұзып, өз елін халықаралық келісімнен шығарып, ядролық мәселеге қатысты санкцияларын қайтаратынын жариялады.  АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Брайан Хуктің айтуынша, "Вашингтон "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан Иранға қарсы қысымдарды арттырып, қысым көрсету саясатын жалғастыру үшін шықты".

Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымын «4+1» тобының мүшелері – Ресей, Қытай, еуропалық үш мемлекет (Германия, Франция және Британия) мен Еуроодақ қабылдамады. Еуроодақтың пікіріне сәйкес, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзу және бұл келісімнің күшін жоюдың қауіпсіздік саласында салдарлары туындап, Еуроодақтың дипломатиялық заңдылығына күдік-күмән тудырады.

Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини 12 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: "Біз Иранмен жасаған ядролық келісімді іске асыруды жалғастырып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің беделін сақтап қалуға талпынып, бұл келісімге құрмет білдіреміз. Иран өз міндеттемелерін орындағандықтан санкциялардың күшін жою келісімнің негізгі бөлімі болды. Сондықтан біз Иранның экономикалық мүдделерін қорғауға күш саламыз",- деді.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының басқа мүшелері «4+1» тобы түрінде келісімді сақтап қалу және АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының салдарларын азайту жолдарын іздестіру керектігіне мүдделік танытты. Бұл салада Еуроодақ пен Германия, Франция және Британия АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының салдарларын әсерсіз ету үшін арнайы қаржы механизмін құруға міндеттеме алды. 2019 жылдың 31 қаңтарында Еуропа Иранмен сауда жүргізу үшін INSTEX деген   арнайы қаржы желісін іске қосқанын жариялады.  Бұл әоекет АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының теріс әсерлерін аздап болсын азайтқанымен, Еуропаның АҚШ-мен қарсыласуы саналмайды. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы Иранға қарсы санкциялардың күшін жоюды халықаралық келісімнің маңызды бөлімі ретінде қуаттады.