Иран көршілес елдердің барлығымен қарым-қатынасты кеңейтуді қалайды
https://itolqyn.com/news/world-i41555
ИИР Президенті Рухани Теһранның көршілес елдердің барлығымен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі екенін айтып, кейбір көршілес елдермен қиындықтарын олар тарапынан басталған мәселе деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 17, 2019 20:46 Asia/Almaty
  • Иран көршілес елдердің барлығымен қарым-қатынасты кеңейтуді қалайды

ИИР Президенті Рухани Теһранның көршілес елдердің барлығымен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі екенін айтып, кейбір көршілес елдермен қиындықтарын олар тарапынан басталған мәселе деп атады.

Хасан Рухани жексенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Бушер халқының алдында сөйлеген сөзінде Теһран мақсатының бүкіл аймақты дамыту екенін, Иранның көршілес елдермен, соның ішінде Катар, Оман, Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ауғанстан мен Пәкістанмен жақсы қарым-қатынаста екенін, көршілердің барлығымен байланыста болуды қалайтынын айтты.

Рухани, сондай-ақ, дұшпандардың Иранға соққы беру үшін қастандық ұйымдастырып жатқанын айтып: "АҚШ, сионистер мен аймақтың кейбір кертартпа елдері Иран халқына бар күшімен қысым жасағанына қарамастан, ешқашан Иранның ұлы халқын тізе бүктіре алмайды",-деді.

ИИР Президенті, сондай-ақ, 11 млрд доллар инвестиция салынған елдің ең ірі жобаларының бірі Оңтүстік Парстың 4-фазасы ашылғанын хабарлап, бұл жобаның іске қосылуын дұшпандардың қысымына қарамастан, Иранның өз жолын жалғастыруымен байланыстырды.