Батыс химиялық қаруларға екіқырлы қатынас көрсетеді
(last modified Sun, 17 Mar 2019 16:04:15 GMT )
Нау 17, 2019 22:04 Asia/Almaty
  • Батыс химиялық қаруларға екіқырлы қатынас көрсетеді

1987 жылы 16 наурызда Саддам режимі Халабчені химиялық қарулармен бомбалап, кемінде 5 мың адамды шәһид етіп, 7 мың адамды жаралады. Осы күннің жылдығы қарсаңында Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының бас хатшысы Фернандо Ариас әлемде химиялық қаруларды мүлдем жоюға талпыныстардың жалғасуын қалайтынын білдірді.

Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының бас хатшысы Ирактың бұрынғы режимінің Халабчені химиялық қарулармен бомбалауын тарихта бейбіт адамдарға қарсы химиялық қару қолданудың ең қорқынышты және қанды жағдайы деп атап, Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының осындай апатты қарулардың қаупін тамырымен жоюға бар күшін салуды жалғастыратынына сендірді.

Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы бас хатшысының бұл сөзі осы қарулардың ең қанды қару түрі деп танылып, оларды қолдануға тыйым салынғанымен, бұрынғыдай соғыстарда пайдаланылып келе жатқан жағдайда айтылып отыр.

БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің бас хатшысы Мишель Миллер: "Қазіргі соғыстар бұрынғыдай миллиондаған адамның жанын алумен аяқталады. Химиялық қарулардың қолданысы әлемнің жиренішін әлі тудырып отыр",-деді.  

Соңғы жылдары да Сирияның кейбір өңірлерін химиялық бомбалау салдарынан көптеген адам қаза тауып, жараланды. Бұған қарамастан осы қаруларды өндіретін және сататын негізгі Батыс елдері екіқырлы қатынас көрсетіп, бір жағынан бұл қаруларды қолдануға тыйым салып, кейбір елдерді химиялық қару қолданды деп айыптаса, екінші жағынан осы қаруларды өндіріп, сату арқылы бұрынғыдай соғысқұмар саясат ұстанып, осындай қару түрін қолдануға жағдай жасайды.

Осыған орай, Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы да әлемде химиялық қаруларды жоюға қатысты бейтарап міндетке ие болғанымен, көп жағдайда сәтті әрекет ете алмай, АҚШ пен одақтастарының қолында басқа елдерге қысым жасаудың құралына айналды.

Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымындағы Ресейдің тұрақты өкілі Александр Шульгин: "Батыс Дамаск пен Мәскеудің химиялық қару қолданғанын айтып отыр. Бұл өтірік Сирияда олардың зымырандарын қолдануға сылтау болды. Өйткені, батыстықтар Ресей тарапынан лаңкестік топтардың Сирияда химиялық қару қолданғанына қатысты тексеріс жүргізу туралы жасалған өтініштерді назарға алмады",-деді.  

Бүгінде Халабченің химиялық қарулармен бомбалануына 31 жыл толғанда Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының бас хатшысы осы апатты қаруды жою қажеттігін айтқанымен, АҚШ-тың қазіргі басшылары мен одақтастарының қатынасына қарағанда бұл салада шынайы әрекет жасалмауымен қатар оған қатысты алаңдаушылықтар күшейе түсетін сияқты.