Нау 19, 2019 15:53 Asia/Almaty
  • Бразилияда Н.Назарбаевтың кітабының португал тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті

Бразилияның астанасында Қазақстан Президентінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты португал тіліне аударылған кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, кітап Қазақстан үкіметінің құрылуы мен дамуына, елдің халықаралық саладағы рөліне арналған. Бұл – қазақ тілінен португал тіліне аударылған бірінші кітап.  Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі «Тәуелсіздік дәуірінің» португал тіліне аударылған қазақ тіліндегі тұңғыш кітабы екенін атап өтіп: «Мемлекет басшысының еңбегі Қазақстанның қазіргі заман тарихының белгісіз фактілерін ашып қана қоймай, Президентіміздің мінезін, қазіргі заманғы мемлекетті қалыптастыру мен басқарудағы шешуші, прагматикалық және көреген саясатын көрсетеді»,- деді. Рәсім аясында Қазақстан Президенті қорының бастауымен «Танылмаған Қазақстан» деген көрме өтті.

 

 

Тегтер