Иран мен Қытай экономикалық ынтымақтастықтарын дамыту жолдарын қарастырады
Иран мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық ортақ комиссиясының 17-ші отырысы Бейжіңде Иранның Экономика және қаржы министрі Фархад Дежпасандтың қатысуымен басталды.
Бұл екі күндік отырыста инвестиция, сауда, қаржы мен банк, кеден мен шекара, байланыс, энергетика, қоршаған орта, азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық, ғылым, білім, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастықтарды кеңейту жолдары қарастырылады. Батыс Азиядағы Иранның жағдайы, атап айтқанда елдің кең ауқымды темір жол желісі және сол арқылы аймақ елдерімен қарым-қатынас орнатуы, сондай-ақ, Оман теңізі мен Парсы шығанағындағы халықаралық азат суларға қосылу мүмкіндігі Иранды аймақтағы негізгі транзиттік орталыққа айналдырды.
Иран – сауда бағдары негізінде ынтымақтастықты арттыру саласында маңызды рөл атқара алатын тарихи Жібек жолы мен құрлық және теңіз жолдары арасындағы ең маңызды буын. Осы жағдайға сәйкес екі ел сауда айналымын 60 миллиард долларға жеткізуді көздеуде. Қытай – энергияны тұтынатын ірі нарық. Сол себепті мұнай, газ және мұнай-химия өнімдері Теһранның Бейжіңге экспорттайтын басты тауарлары болып отыр. Қытайдың мұнай және химиялық өнімдері өнеркәсібі фракциясының халықаралық бөлімінің директоры: «Қытайлық компаниялар Иранның мұнайын қажет етеді, сондықтан оны сатып алуды жалғастырады. Бұл Иран мен Қытайдың ісі, АҚШ-қа қатысты емес»,- деді. Бүгінде әлемде АҚШ-тың экономикалық монополиясы бұзылған. Біз Вашингтонның бұл жағдайды өзгертетін күші жоқ жаңа ғасырда өмір сүреміз. АҚШ нарығынан айрылу Қытай сияқты елдердің жойылуына себеп болады деген кезең аяқталды. Қытайдың Кеден ұйымының статистикалық директоры Ли Кью Вен экономикалық айналымның дамуын Иран мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтардың артуының белгісі деп атап: «Бейжің АҚШ немесе кез келген басқа мемлекеттің экономикалық біржақтылығына қарсы. Қытай үшін бұл елдің ішкі заңдары маңызды емес»,- деді. Иранның Экономика және қаржы министрі Фарход Дежпасанд: «Иран мен Қытай экономикалық қарым-қатынастарын дамыту үшін көптеген бағдарламаларға ие. Сондықтан Иран мен Қытай сауда, инвестиция және ғылым мен технология салаларын дамытуға талпыныс жасау керек»,- деп қуаттады. Сол себепті бұл отырыстың мақсаттарының бірі екіжақты қаржы келісімдеріне қол қойып, банкаралық қиындықтарды шешу болып табылады. Екі жақ өз мәмілелерін екі елдің ұлттық валютасын пайдалану арқылы іске асыра алады.
Иран мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық ортақ комиссиясының 17-ші отырысы АҚШ пен оның аймақтағы одақтастары Иранның экономикалық саласына шектеу қоюға әрекет жасап отырған жағдайда өтіп, екі елдің қарым-қатынасын кеңейтуге стратегиялық әсерін тигізеді.