ИЫҰ-на мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің төтенше отырысы қорытынды мәлімдеме жариялады
https://itolqyn.com/news/world-i41616-ИЫҰ_на_мүше_елдер_Сыртқы_істер_министрлерінің_төтенше_отырысы_қорытынды_мәлімдеме_жариялады
ИЫҰ-на мүше елдердің Сыртқы істер министрлері деңгейінде өткен ұйымның атқару комитетінің жұма күнгі таңертеңгі төтенше отырысы Исламнан үркіту саясатына қарсы күрес тақырыбымен 20 баптық мәлімдеме жариялаумен аяқталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 23, 2019 16:25 Asia/Almaty
  • ИЫҰ-на мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің төтенше отырысы қорытынды мәлімдеме жариялады

ИЫҰ-на мүше елдердің Сыртқы істер министрлері деңгейінде өткен ұйымның атқару комитетінің жұма күнгі таңертеңгі төтенше отырысы Исламнан үркіту саясатына қарсы күрес тақырыбымен 20 баптық мәлімдеме жариялаумен аяқталды.

Түркияның «Анадолу» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, отырыстың қорытынды мәлімдемесінде ИЫҰ-ның қарапайым мұсылмандарды қылмыскер санап, оларды экстремизм және терроризммен байланыстыру ұстанымын қабылдамайтыны қуатталды. Бұл мәлімдемеде ИЫҰ Жаңа Зеландия үкіметінен лаңкестік әрекетті айыптауды сұрап, елдің Премьер-министрінің мұсылмандарға қатысты оң ұстанымына алғыс айтып, Жаңа Зеландия қоғамының барлық табының мұсылмандарға аяушылық білдіруіне ризалық білдірді. ИЫҰ өз мәлімдемесінде БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдардан 15 наурызды «Исламнан үркітуге қарсы халықаралық бірлік күні» деп атау туралы ұсыныс жасады.