АҚШ-тың әрекеті – құлдырап бара жатқан империя қорқынышының белгісі
ИИР Сыртқы істер министрлігі Зариф жұма күні кешке АҚШ-тың сионистік режимнің Сирияның Голан жоталарын өз егемендігі деген уәжін қолдауына реакця білдіріп, АҚШ-тың қисынсыз әрекеттерін құлдырап бара жатқан империя қорқынышының белгісі деп атады.
«Меһр» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы тұрақсыздықтардың себебі екенін қуаттап: «Вашингтон халықаралық заңдарды бұзып, адамдарға зорлық-зомбылық жасауды құдыреттің белгісі деп ойлайды, бірақ, бұл – қате. АҚШ-тың қисынсыз әрекеттері – құлдырап бара жатқан империя қорқынышының белгісі»,- деп жазды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Твиттерде: «52 жылдан кейін Вашингтонның Голан жоталарындағы Израильдің егемендігін толық мойындайтын уақыты келді»,- деп жазған болатын. Трамптың бұл сөзі әлемдік деңгейде ауқымды реакцияға тап болды.