Данияда экстремистер Құран Кәрімді өртеді
Нау 23, 2019 21:41 Asia/Almaty
Дания мұсылмандары Жаңа Зеландиядағы жуырдағы қылмысты айыптап, лаңкестік оқиғада құрбан болғандардың отбасыларының қайғысына ортақ екендерін жариялап, Копенгагенде ел Парламентінің алдында жұма намазын өткізген жағдайда Stram Kurs экстремистік оңшыл партияның басшысы Расмус Палудан бір Құран кітабын өртеп жіберді.
Түркияның «Анадолу» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дания мұсылмандары намаз оқып жатқан алаңнан 100 метр жерде аталмыш партияның жақтастары ұран айтып, шулап, арандатушылық әрекетке барған. Исламға қарсы наразылықтарға «Халық» деген келесі бір экстремистік оңшыл партияның Дания Парламентіндегі өкілдерінің бірі Мартин Генрикс те қатысқан.
Тегтер