Нетаньяху АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларын қолдады
(last modified Sun, 24 Mar 2019 10:49:23 GMT )
Нау 24, 2019 16:49 Asia/Almaty
  • Нетаньяху АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларын қолдады

Сионистік режимнің премьер-министрі сенбі күні кешке АҚШ үкіметінің Иранға қарсы салған жаңа санкцияларын қолдап, алғыс айтты.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бениамин Нетаньяху АҚШ Президенті Дональд Трамп, Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен АҚШ Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонға ИИР-на қарсы қысымдарды арттырғаны үшін алғыс айтты.

АҚШ жұма күні ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеттерін жалғастырып, ядролық қару шығару талпыныстарын сылтауратып, ирандық 17 ұйым мен 14 адамға санкция салды.

«Израиль таймс» газеті сенбі күні Американың санкция салу туралы шешімін Израильдің Иранға қарсы уәждеріне сай деп атады.

АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияны  Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі осы уақытқа дейінгі 14 мәлімдемесінде Иранның ядролық жұмыстарының бейбіт мақсатты екенін қуаттаған жағдайда салып жатыр.