Трамп ДАИШ-тың жеңілісін өз атына тіркеді
АҚШ Президенті сенбі күнгі мәлімдемесінде Ирак пен Сирияда ДАИШ-тың жойылғанын жариялауымен бірге лаңкестердің жеңілісін АҚШ-тың атына тіркеуге әрекет жасады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп мәлімдемесінде: «АҚШ ДАИШ-ке қарсы құрылған халықаралық коалициядағы серіктестері және өз одақтастарының күштерімен Сирия мен Ирактағы ДАИШ-тың бақылауындағы барлық аймақты азат етті»,- деді. Трамп өзінің ақымақ сөзінде жеңіске қарамастан өз үкіметінің қалған лаңкестердің қоқан-лоққыларына қарсы тұратыны туралы уәж айтты. Трамп президенттік кезеңінің басында Вашингтонның ДАИШ лаңкестік тобын құрудың негізгі факторы екенін мойындған болатын.
Сирия мен Ирак армиялары ИИР кеңесшілерінің көмегімен ДАШ лаңкестік тобын жеңді.