Иранның зымырандық бағдарламасы туралы уәждер – Батыстың Ираннан үркіту жобасының жалғасы
Батыстың саяси топтары мен ақпарат құралдарының Иранның зымырандық бағдарламасы туралы өтіріктері жалғасып жатыр.
Батыстың ақпарат құралдары әлемнің қоғамдық пікірін Иранға қарсы қате негіздерге бұрмалауға талпыныс жасап жатыр. Бұл туралы АҚШ-тың «Факсньюс» ақпарат арнасы: «Қолға түскен мәліметтер бойынша, Германия үкіметі Иранның жасырын түрде ядролық қару мен зымырандық технологияға ие болу саласындағы кейбір талпыныстарын әшкерелеуден бас тартты»,- деп мәлімдеме жасады. «Факсньюстің» уәжіне сәйкес, Германияның жасырып-жабуы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Иранмен экономикалық қарым-қатынасын сақтап қалу мақсатына байланысты. Бұл уәждер «Рейтерс» ақпарат агенттігі өз мәлімдемесінде: «Құпия құжаттар Британия, Франция және Германияның наурыз айында зымырандық бағдарламасына қатысты Иранға қарсы жаңа санкция салу туралы ұсыныс жасағанын көрсетеді. Бірақ, бұл іс Еуроодақтың Ислам республикасымен сауда қарым-қатынастарын арттырғысы келетін Италия секілді басқа мүшелерінің қарсылығымен бетпе-бет келді»,- деп жазған жағдайда баяндалды. Иранның қорғаныс әлеуетінің қауіп-қатері туралы негізсіз уәждер Иранның зымырандық бағдарламасы қорғаныс мақсатын көздеп, қоқан-лоққылардың алдын алу негіздеріне сай қалыптасқан жағдайда қайталанып отыр. Сонымен бірге Қаупсіздік кеңесінде Иранның зымырандық бағдарламасы мен зымырандық сынақтарына тыйым салатын ешбір қарар бекітілген жоқ. Бұл саладағы №2231-ші қарардың баптары толығымен айқын, оған қатысты ешбір түсінбеушілік жоқ. Иранның зымырандық бағдарламасы туралы келіссөздер жүргізбеу және бұл бағдарламаның қорғаныстық мақсатта екенін ИИР басшылары сан рет сан рет қуаттады. Бірақ, Батыс мемлекеттері Иранға қысым көрсету үшін жаңа сылтаулар қарастырып жатыр. Негізінде Иранның ядролық қару шығаруды келетінін көрсететін еш құжат жоқ. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі ядролық жұмыстардың бейбіт мақсаттылығын анықтау құқығына ие орган ретінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері сан рет Иранның ядролық бағдарламасының ешбір әскери мақсатының жоқ екенін қуаттады. Бұдан бұрын да кейбір мемлекетер Иран мен Солтүстік Кореяның зымырандық ынтымақтастықтары туралы уәж айтқан болатын. Алайда бұл уәждер үгіт-насихаттық мақсатта айтылды. ИИР өз жұмыстарын жасыруды қажет етпейді. Сондықтан бұл уәждердің мақсаты Иранға қысым көрсетіп, АҚШ пен Батыстың талаптарына бағындыру болып табылады. «Факсньюстің» Иранның зымырандық қорғанысын Германияның көмегімен дамыту талпынысы туралы уәждері де осы үдерістен бөлек емес.