Әлем Трамптың Сирияның Голан жоталарына қатысты шешімін айыптады
(last modified Tue, 26 Mar 2019 10:32:58 GMT )
Нау 26, 2019 16:32 Asia/Almaty
  • Әлем Трамптың Сирияның Голан жоталарына қатысты шешімін айыптады

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сирияның Голан жоталарын Израильдің егемендігі деп мойындауы аймақ пен әлемнің реакциясына тап болды.

 

Трамп дүйсенбі күні халықаралық заңдар мен Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзып, сионистік режим премьер-министрінің алдында Вашингтонның Сирияның Голан жоталарын Израильдің егемендігі деп мойындайтыны туралы құжатқа қол қойды.

Ресей Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні ешке Трамптың заңсыз әрекетіне реакция білдіріп, мәлімдеме жариялап: «Трамптың бұл шешімі АҚШ-тың араб үмбетіне қарсы дұшпандығының деңгейін көрсетті. Вашингтон бұл әрекетімен араб әлемінің негізгі дұшпаны екенін дәлелдеді»,- деді.

Ливан Сыртқы істер министрлігі, Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС, БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик, Еуроодақ, Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, Канада Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні кешке Трамптың әрекетін айыптап, Голан жоталарының Сирияның егемендігі екенін қуаттады.   

 

 

Тегтер