Зариф АҚШ пен сионистік режимнің басқыншылығы туралы ескерту жасады
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентінің Сирияның Голан жоталары туралы шарасына реакциясында араб елдеріне бас иген сайын, АҚШ пен сионистік режимнің олардың жерлерін басып ала беретінін ескертті.
Зариф Twitter-дегі жеке парақшасында: «Өткен жылы басып алынған Құдс жайлы шешімін жариялағаннан кейін Трамптың Сирияның басып алынған жотасына қатысты өктем шешімін жариялауы – араб және мұсылман халықтарына жасалған ескерту»,-деп жазды.
Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі осы хабарламасының соңында #LetUsUnite (Келіңіздер бірігейік) хэштегін қолданды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп осыдан бұрынырақ халықаралық ережелер мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарарын ашық түрде бұзатын шарада Вашингтонның сионистік режимнің Сирияға тиесілі Голан жоталарына иелік ететінін ресми түрде танығаны туралы үкіміне қол қойды.
Трамптың бұл шарасы халықаралық деңгейде ауқымды айыптауларға ұшырады. Сионистік режим 1967 жылы Сирияның Голан жоталарындағы 1200-ге жуық шаршы шақырым жерін басып алып, біраз уақыттан кейін бұл өңірді өз территориясына қосып алды. Халықаралық қауымдастық ешқашан бұл қосуды ресми түрде танымады.