Иран мен Ресей – дүниежүзілік мұнай нарығындағы ықпалды ойыншылар
(last modified Tue, 02 Apr 2019 17:58:50 GMT )
Сәу 02, 2019 23:58 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей – дүниежүзілік мұнай нарығындағы ықпалды ойыншылар

ИИР-ның Мұнай министрі мен Ресейдің Энергетика министрі Мәскеуде екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы мен дүниежүзілік мұнай нарығының жағдайы туралы сұхбаттасты.

Дүниежүзілік мұнай нарығының қазіргі жағдайы АҚШ-тың саясаттары салдарынан тұрақсызданған жағдайда ИИР-ның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане дүйсенбі күні Мәскеуде Ресейдің Энергетика министрі Александр Новакпен кеңесті.

Иран мен Ресей энергетика саласында екі маңызды ойыншы ретінде әлемдегі энергетикалық теңгерімде айтарлықтай рөл атқарады. Дүниежүзілік энергетика нарығының қазіргі тұрақсыз жағдайында Теһран мен Мәскеудің әріптестігін нығайту қажеттігі бұрынғыдан қаттырақ сезіліп отыр.  

АҚШ өзінің энергетикалық саясаты аясында әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілерге, соның ішінде  Иран мен Венесуэлаға санкция салып келеді. Ресей де мұнай нарығында даму тұрғысынан АҚШ-тың санкциялық саясатына ұшырап отыр. Мұнай ұсынысы мен тапсырысы нарығында сенімді тұрақтылықтын жоқтығын ескерсек, Иран мен Ресей әріптестігінің маңыздылығы арта түседі.

Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак Мәскеуде ИИР-ның Мұнай министрімен кездескеннен кейін екі ел қарым-қатынасының жоспар бойынша даму үстінде екенін, Иран мен Ресей басшыларының өзара әріптестікті дамыту саясатының орындалып жатқанын айтты.

ИИР-ның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Новакпен кездесуде Иран мен Ресейдің екі мұнай экспорттаушы ел ретінде екі жақты әріптестіктерін нығайтуға келісілгенін мәлімдеді.

ОПЕК-ке мүше ел Иранның ОПЕК-тен тыс ойыншы Ресеймен сындарлы әріптестігі дүниежүзілік мұнай нарығындағы теңгерімде маңызды рөлге ие. Бұл әріптестік ОПЕК-тің дүниежүзілік нарықтарда мұнай бағасын тұрақтандыру мақсатында мұнай өндіруді азайту үшін стратегиялық келісім жасауы мен мұнай нарығының дағдарысқа ұшырауының алдын алуға септігін тигізді.

ОПЕК мүшелері 2018 жылдың 22 маусымында Венада өткен Мұнай министрлері отырысында бұл ұйымның мұнай өндіру межесін тұрақты сақтап, 100 пайыздан жоғары міндеттемені 100 пайыздық деңгейге жеткізуге келісті. Алайда мұнай өндірісін күніне 1 млн 800 мың баррельге дейін азайту әлі жалғасады.   

Бұл келісім 2018 жылы 6 желтоқсанда Вена қаласында ОПЕК-ке мүше 175 елдің отырысында ұзартылды. АҚШ пен оның одақтастары ОПЕК-тен, әсіресе Сауд Арабиясынан мұнай өндірісін аттыруды сұраған жағдайда осы ұйымның тарихи келісімі жасалды.

Мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен АҚШ-тың санкциялық саясатын ескерсек, Иран мен Ресей ынтымақтастығының маңыздылығы одан ары арта түседі. Екі ел энергетика саласындағы стратегиялық әріптестік аясында өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алады.

Иран мен Ресей қазіргі таңда сенімді серіктестер ретінде көпқырлы әріптестікке ие. Олар өз мүдделерін қамтамасыз етумен қоса, әсіресе энергетика саласында әлемдік теңгерімді сақтауға зор көңіл бөліп келеді.  

АҚШ Иран мен әлемдік деңгейде маңызды басқа да мұнай өндіруші елдерге санкция салуды жалғастырып жатқан жағдайда Теһранның әлемдік теңгерімдегі ықпалды ойыншы Мәскеумен қарым-қатынасын нығайту ИИР басшыларының назарына алынып отыр.   

Тегтер