Зариф: Иран халқы бірлігімен табиғи апаттарды жеңеді
Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранның кейбір аймақтарында болған сел апатына қатысты араласушы әрі алдамшы сөздеріне реакция білдірді.
Иран Сыртқы істер министрі Твиттердегі парақшасында: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен басқа басшылары Иран халқын экономикалық терроризмнің нысанасына алып отыр. Біздің шетелдердегі отандастарымызға қаржы көмектерін Иранның Қызыл Жарты ай есеп-шоттарына құюға тыйым салып отырған америкалық басшылар біздің азаматтардың табиғи апат салдарынан көріп жатқан қиындықтарын өз мүдделеріне пайдаланудың орнына айлар бойы табиғи апаттардың салдарларынан азап шегіп отырған өз халқына көмектескені жөн болар еді»,- деп жазды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бір мәлімдемесінде АҚШ-тың Қызыл Крест халықаралық федерациясына көмектесуге әзірлігін жариялаған болатын. Бұл федерация – Иранның Қызыл жарты ай ұйымы арқылы қаражатты зардап шеккендерге жеткізетін ұйым.