Германияның гуманитарлық көмек тиелген ұшағы Теһран әуежайына қонды
https://itolqyn.com/news/world-i41721-Германияның_гуманитарлық_көмек_тиелген_ұшағы_Теһран_әуежайына_қонды
Ирандағы Германия елшісі өз елінің гуманитарлық көмек тиелген ұшағының Теһранға келіп қонғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 05, 2019 18:59 Asia/Almaty
  • Германияның гуманитарлық көмек тиелген ұшағы Теһран әуежайына қонды

Ирандағы Германия елшісі өз елінің гуманитарлық көмек тиелген ұшағының Теһранға келіп қонғанын хабарлады.

 

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Михаэль Клор-Берхтольд Твиттердегі парақшасында: «Ирандағы селден зардап шеккендер үшін қажет гуманитарлық көмек тиелген ұшақ Берлиннен ұшып шығып, Теһран әуежайына қонды. Германияның Қызыл крест ұйымы Иранның Қызыл жарты ай ұйымына 40 қайық пен қауіпсіздік жабдықтарын жөнелтті»,- деп жазды.