Wall Street Journal: АҚШ Иранның Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялайды
АҚШ-тың Wall Street Journal басылымы жұма күні есімдері аталмауын сұраған осы елдің 3 қайраткерінің сөзіне сілтеме жасап, Вашингтонның дүйсенбі күні Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйымдар тізіміне қосу ықтималын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Wall Street Journal АҚШ үкіметінің жоғары лауазымды қайраткерлері арасында осы шешімді жариялауға қатысты қайшылықтардың бар екенін айтып: "Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осы шешімді қолдайды. Ал АҚШ Қорғаныс министрлігінің жауапты тұлғалары, соның ішінде АҚШ армиясы ортақ штабының төрағасы генерал Джордж Дэнфорд бұл шешімге қарсылық білдіріп отыр",-деп жазды.
Осы мәлімет бойынша, Ақ үй алғаш рет бір елдің әскери күшін лаңкестік ұйым деп атап отыр.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы аймақта АҚШ-тың қолдауына ие лаңкестермен күресте басты рөл атқарады.