АҚШ – лаңкестікті қолдаушы үкімет
АҚШ үкіметі Иранның ресми әскери күштерінің бірі Ислам революциясының Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне енгізді.
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың Ислам революциясы ның Сақшылар корпусын шетелдік лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізу әрекетін заңсыз әрі қатерлі деп атап: "Иран АҚШ-ты лаңкестікті қолдайтын үкімет, ал Батыс Азия аймағындағы америкалық әскерилер мен оның қарамағындағы барлық күшті лаңкестік топ санайды",- деп жариялады.
Вашингтонның бір тәуелсіз елдің әрі заңды үкіметтің әскери органын лаңкестік топтың тізіміне тіркеуі бірінші рет. Бұл әрекет АҚШ-тың ақпарат құралдары бұдан бұрын Пентагон мен Орталық Барлау Басқармасы мен АҚШ-тың республикашыл және демократ басшыларының көбінің үкіметтерінің шешіміне қарсы екені туралы мәлімет таратқан жағдайда іске асырылды.
Сақшылар корпусының қолбасшысы Мұхаммадәли Джафари америкалықтардың Ислам революциясының Сақшылар корпусын лаңкестік топтың тізіміне тіркеуіне реакция білдіріп, бұл шешім жүзеге асқан жағдайда Батыс Азия аймағындағы АҚШ армиясы мен қауіпсіздік күштерінің тыныштық таппайтынын қуаттаған болатын.
Алайда, АҚШ осындай ескертулерге қарамастан неліктен өзінің ақымақ шешіміне табандылық білдіріп отыр? Бұл мәселеге қатысты екі жайтқа назар аудару керек: біріншіден, АҚШ Сақшылар корпусының халықтың қолдауына ие мықты, айбынды күш ретінде Иранға қарсы таңылған соғыс кезінен лаңкестікке қарсы күресіне дейін елдің қауіпсіздігі мен территориялық біртұтастығын қорғай алатынын дәлелдегенін жақсы біледі. Сондықтан АҚШ бұл құдыретті әрі тәжірибелі күшпен тікелей бетпе-бет келудің орнына қастандық қолдану саясатын ұстанып келеді. АҚШ бұл әрекетімен Сақшылар корпусынан үркіту ағымы арқылы Иранның әскери және стратегиялық құдыретін дағдарысқа тіреймін деп ойлады. Бірақ, бұл бос әреке; екіншіден, АҚШ үкіметінің бұл шешімін бағалау бұл елдің толығымен тығырыққа тірелгенін көрсетеді. Олар Иранға қарсы қысым көрсету саясаттарының шынайы екенін дәлелдеу үшін қате жолға түсті. Кейбір халықаралық сарапшылар Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне енгізуді жасанды қойылым деп санайды. Тіпті, АҚШ-тың барлау ұйымдары да бұл әрекеттің нәтижеге жететініне күмәнмен қарайды. Тәжірибе АҚШ-тың Иранға қарсы бастаған кез келген әрекетін Вашингтон бастағанымен, еш уақытта оны аяқтаудың Ақ үйдің ықтиярында болмағанын көрсетеді. Сондықтан бұл әрекеттің АҚШ үшін салдары болады деп айтуға болады. Өйткені, Сақшылар корпусының Иран халқының алдындағы беделі төмендемеуімен қатар Ақ үйдегі саясаткерлердің халыққа қарсы болмысын одан сайын әшкерелей түсті. Сақшылар корпусының тұрақтылық пен қауіпсіздікті қорғау болмысы мен тәжірибесі – дәлелденген мәселе. Сондай-ақ, бұл органның қасиетті қорғаныс соғысы, елді қайта көтеру және тағы басқа ауыр жағдайлардағы жанкештілігі ұмытылмайтын құрметке ие.