Азари Джаһроми: Иран ғарышқа 3 жерсерігін ұшырады
(last modified Wed, 10 Apr 2019 09:04:33 GMT )
Сәу 10, 2019 15:04 Asia/Almaty
  • Азари Джаһроми: Иран ғарышқа 3 жерсерігін ұшырады

Иранның Ақпарат және ақпараттық технологиялар министрі Азари Джаһроми Теһранның 1398 жылы жер орбитасына 3 жерсерігін ұшыруды көздеп отырғанын хабарлады.

Мохаммад Джавад Азари Джаһроми Женевада өткен «Ақпарат қоғамы басшылары» отырысы аясында «Рейтерске» берген сұхбатында Иранның жерсеріктеріне қатысты бағдарламасын бейбіт мақсатты деп атап, олардың су көздерін бақылауға алып, қоршаған ортаны қорғауға көмектесуге қатысты екенін айтты. Ол АҚШ-тың «Иран баллистикалық зымырандарын дамыту саласында жасырын әрекеттер жасап жатыр» деген айыптарын теріске шығарып, егер Иранның зымырандарын жетілдіру саласында жұмыспен айналысқысы келсе, оны жасырмайтынын баса айтты.

 

 

 

Тегтер