Хашогджидің жанұясы бітім мен келісім туралы қауесетті теріске шығарды
https://itolqyn.com/news/world-i41787
Сауд режимі тарапынан қаза тапқан тілші, сыншының жанұясы оны өлтірген адамдардың жазалануын талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 11, 2019 17:22 Asia/Almaty
  • Хашогджидің жанұясы бітім мен келісім туралы қауесетті теріске шығарды

Сауд режимі тарапынан қаза тапқан тілші, сыншының жанұясы оны өлтірген адамдардың жазалануын талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Сауд режимі тарапынан қаза тапқан тілші, сыншы Джамал Хашогджидің жанұясы Сауд Арабиясы үкіметімен қандай да бір бітімге келгенін теріске шығарып, Хашогджидің өліміне қатысты ақпаратқа ие барлық адамдардан мағлұматтарды сотқа тапсыруды сұраған.

The Washington Post газеті жуырдағы бір мақаласында саудиялық басшылар мен Хашогджи жанұясының достарына сілтеме жасап: "Сауд режимі Хашогджи өлімінің құнын төлеу үшін оның балаларына бірнеше миллион доллар тұратын үйлер беріп, айлық жәрдемақы тағайындады",-деп жазды.