Сақшылар корпусы Еуропаның қауіпсіздігі үшін күресіп жатыр
(last modified Thu, 11 Apr 2019 13:02:39 GMT )
Сәу 11, 2019 19:02 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы Еуропаның қауіпсіздігі үшін күресіп жатыр

Иран Сыртқы істер министрі: "Егер Ислам революциясының Сақшылар корпусы Ирак пен Сирияның ержүрек халықтарымен бірге күреспегенде, ДАИШ екі араб елінің астанасын басып алып, лаңкес армияны Еуропаның қақпаларына жіберетін еді",-деп мәлімдеді.

Мохаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке АҚШ-та 2016 жылы өткен президенттік сайлауда Дональд Трамп пен Хиллари Клинтонның пікірталасы түсірілген бейнетаспаны жариялап: "Дональд Трамп бұл бейнетаспада Иранның Сирияда ДАИШ-ты жойып жатқанын мойындады",-деді.  

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялауы бұл халықтық күштің аймақ теңгерімінде ықпалды екенін көрсетеді. Бүгінде оның идеологиясы Сирия мен Иракта халықтық құрылымдар қалыбында көрініс тауып отыр.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Сирия мен Ирактың өтінішімен осы екі араб еліндегі әсерлі құзыры ДАИШ лаңкестік тобы мен оның демеушілерінің өзін-өзі жариялаған халифат құру арманының күлін көкке ұшырды.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы көздеген қарсыласу мәдениеті Сирия мен Иракта тамыр жайды. Бүгінде осы екі елдегі халықтық ерікті күштер ДАИШ лаңкестік тобынан қалғандармен күресіп жатыр. Олар Сирия мен Ирак үшін сенімді қауіпсіздікті кепілдендіріп отыр.

Бір кездері Сирия мен Ирак әлемнің 80-нен астам елінен шыққан лаңкестердің жиналатын жеріне айналды. Соның ішінде ДАИШ-тың еуропалық мүшелері осы екі елге оңай келетін.

ДАИШ-тың Сирия мен Иракта жеңіліс табуы біраз уақыт бойы әлемдік географияда өз территориясын айқындаумен айналысқан ДАИШ лаңкестік тобының Еуропаның қақпаларына жетуіне тосқауыл жасады.

Иранның лаңкестікпен күрестегі көрнекті рөлі Еуропаның астаналарынан ДАИШ лаңкестігінің қатерін алыстатты. Осындай жағдайда Трамп үкіметінің Сақшылар корпусына қарсы біржақты шарасы әлем елдерінің қолдауына ие болмасы анық.  

ДАИШ лаңкестік тобының Батыс Азияда пайда болуына жағдай жасап берген АҚШ осы жолда Сақшылар корпусы бастаған қарсыласу өзегінен жеңіліс тапты. Трамп үкіметінің жауластық қатынасын осы аяда бағалауға болады.

Батыс Азия аймағындағы тарихи өзгерістерге шолу жасағанда АҚШ-тың әрдайым Батыс Азия аймағында сәтсіздікке ұшырағанын, дәрменсіздіктің АҚШ-ты аймақты дағдарысқа ұшыратуға итермелегенін көруге болады.

Гарвард университетінің халықаралық қатынастар пәнінің ұстазы Стефан Уолттың пікіріне сәйкес, АҚШ-тың басқа елдердегі құзыры әрдайым бүлік пен экстремизмнің пайда болуымен қатар жүреді: "АҚШ қай жерге аяқ басса, қатігездік, экстремизм мен жаңа диктатура пайда болады. ДАИШ жеңіліске ұшырағаннан кейін еуропалықтар өз қауіпсіздігі үшін лаңкестіктің кез келген түрімен шынайы күресетін Иран сияқты елдерге қарыздар",-деп мәлімдеді.