Адмирал Тангсири: Иран Парсы шығанағындағы өз мүддесін қорғайды; ХАМАС: Біз қарусызданбаймыз
https://itolqyn.com/news/world-i81600-Адмирал_Тангсири_Иран_Парсы_шығанағындағы_өз_мүддесін_қорғайды_ХАМАС_Біз_қарусызданбаймыз
ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Иранның Парсы шығанағындағы өз мүддесін өлгенше қорғайтынын айтты.
(last modified 2025-10-11T11:35:11+00:00 )
Қаз 11, 2025 17:50 Asia/Almaty
  • Адмирал Тангсири: Иран Парсы шығанағындағы өз мүддесін қорғайды; ХАМАС: Біз қарусызданбаймыз

ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Иранның Парсы шығанағындағы өз мүддесін өлгенше қорғайтынын айтты.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Алиреза Тангсири жұма күні Ормуз бұғазының стратегиялық маңыздылығына тоқталып: «Бұл теңіз жолы әлемнің мұнай және газ артериясы және Иран оны әрқашан қорғап келеді»,- деді. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, адмирал Тангсири ядролық отынды тасымалдайтын кемелердің немесе суасты қайықтарының Парсы шығанағына кіруіне алаңдаушылық білдіріп, былай деп баса айтты: «Мұндай тасымалдаулар нәтижесінде апат болған жағдайда, залал кең таралған және ұзаққа созылатын болады, тіпті тұзсыздандыру қондырғыларын қоректендіретін жағалаудағы тұзды су да жылдар бойы жарамсыз болуы мүмкін».

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Иран күштері мен АҚШ әскерилерінің Парсы шығанағындағы тікелей шайқастарына сілтеме жасап: «Біз өміріміздің соңына дейін Парсы шығанағындағы мүдделерімізді қорғаймыз»,-деді.

 

Венесуэла: Елімізді АҚШ агрессиясынан қорғау - қасиетті борышымыз

Венесуэланың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі және өкілі Сэмюэл Монкада АҚШ-тың Кариб теңізі аймағындағы дұшпандық және әскери әрекеттерін айыптап, АҚШ бұл аймақта 10 мыңнан астам әскери қызметкерді, сондай-ақ жойғыш ұшақтарды, зымыран жойғыштарын, шабуылдау күштерін және тіпті ядролық сүңгуір қайықты орналастырғанын айтты. Ол: «Соғыс болған жағдайда Каракас үшін елді қорғау қасиетті борыш»,- деп  баса айтты.

 

Марокконың 58 қаласында палестиналықтарды қолдайтын шерулер өтті

Марокко ислам үмбетінің мәселелерін қолдау ұйымы, қоғамдық ұйым жұма күні кешке мәлімдеме жасап, марокколықтардың Палестина халқын қолдау мақсатында 58 қалада 110-нан астам шерулерге қатысқанын хабарлады. Ұйым мәлімдемесінде Марокко қалаларындағы шерушілердің «Газа жеңді» деген ұранмен көшеге шыққанын атап көрсетті.

 

Қытай АҚШ-ты елдердің егемендігін бұзды деп сынады

АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы әрекеттеріне қатысты Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі әрі тұрақты өкілі Фу Конг: «Вашингтонның әрекеті басқа елдердің егемендігін елеулі түрде бұзады»,- деп мәлімдеді. Ол АҚШ-тың Венесуэла қайықтарын басып алу арқылы «аймақтағы үздіксіз шиеленісті» тудырғанын айтты. Қытайдың БҰҰ-дағы өкілі: «Басқа елдердің қайықтарына қарсы біржақты және шамадан тыс шаралар «олардың персоналының өмір сүру құқығын және басқа да негізгі адам құқықтарын бұзады және кеме қатынасының бостандығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді» деп қосты.

 

Трамп: Қытай тауарларына 100% баж салығын енгіземін

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың қазіргі тарифтер тізіміне қоса, Қытай тауарларына 100% баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Ол қараша айының басынан бастап барлық қытайлық өнімдерді, сондай-ақ Қытайда өндірілмеген өнімдерді экспорттауға шектеулер енгізілетінін айтты.

 

Хамас қозғалысы: Палестина халқын қарусыздандыруға ешкімнің батылы бармайды

Хамас қозғалысының жоғары лауазымды мүшесі Мұса Әбу Марзук: «Ешкім Палестина халқының басып алу жағдайында заңды болып табылатын қаруларын тартып алуға батылы бармайды»,- деп баса айтты. Әбу Марзук басқыншылардың Газа секторын түгелдей қасақана және қатыгездікпен талқандағанын айтып, сөзін былай деп жалғастырды: «Палестина халқының табандылығы басқыншылардың барлық жоспарлары мен мақсаттарын бұзды. Палестиналықтардың оралу сахнасы Палестина халқының жеріне берілгендігінің ең үлкен дәлелі».