Иран Нотр-Дам шіркеуіндегі өртке өкініш білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i41832
Иран Сыртқы істер министрі Париждегі Нотр-Дам шіркеуінде шыққан өрт салдарынан тарихи ғимараттың бір бөліміне нұқсан келгеніне өкініш білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 16, 2019 15:19 Asia/Almaty
  • Иран Нотр-Дам шіркеуіндегі өртке өкініш білдірді

Иран Сыртқы істер министрі Париждегі Нотр-Дам шіркеуінде шыққан өрт салдарынан тарихи ғимараттың бір бөліміне нұқсан келгеніне өкініш білдірді.

Мұхаммад Джавад Зариф бүгін, сейсенбі күні Твиттердегі парақшасында Франция халқы мен әлем католиктеріне көңіл айтып, тілектестік білдіріп: «Құдайға құлшылық ететін мекен және атақты жазушы Виктор Гюгоның әдеби шығармалары арқылы әлем халықтарына танымал болған, сондай-ақ, 800 жыл бойы соғыстар мен революциядан аман қалған  Нотр-Дам шіркеуінің бір бөлімі өрт салдарынан қирады»,- деп жазды.  

Нотр-Дам шіркеуіндегі өрт салдарынан оның мұнараларының бірі мен төбесі қирады. Франция басшылары ғимаратты толық қираудан сақтап қалғанын жариялады.  

 

Нотр-Дам шіркеуінің тарихы 19-шы ғасырдан басталады. Шіркеуді жыл сайын миллиондаған турист тамашалайды.