Трамп АҚШ Конгресінің саудиялық коалицияға қолдау көрсетуді тоқтату шешіміне вето қолданды
АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Конгресінің Йеменге қарсы соғысып жатқан саудиялық коалицияға АҚШ-тың әскери қолдауын тоқтату шешіміне вето қолданды.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл қарар 14 наурызда 54 «оң» және 46 «қарсы» дауыспен АҚШ Сенатында, 4 сәуірде 247 «оң» және 175 «қарсы» дауыспен АҚШ Өкілдер Палатасында бекітілген болатын. Ақ үй бұдан бұрын бұл шешімге Трамп вето қолданады деп қоқан-лоққы жасады. Трамп өз мәлімдемесінде Конгресте бекітілген қарарды өз ықтиярларын әлсірететін қатерлі әрі қажетсіз іс деп атады.
АҚШ Конресінің өкілдері өткен айларда Сауд режимінің сыншысы, тілші Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты Сауд Арабиясы үкіметіне қатысты сын мен Йемен дағдарысының артуынан кейін АҚШ үкіметінің Йеменге қарсы шабуылдарды қолдауын тоқтату мақсатында қысымды күшейтті.