Еуроодақ Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы Иранның ұстанымын қолдайды
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары мен Ауғанстан істері жөніндегі Еуроодақ өкілі Ауғанстанда бейбітшілікті қорғап, оны нығайту керектігін қуаттады.
Ауғанстан істері жөніндегі Еуроодақ өкілі Роланд Кобиа Теһранда Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчимен кездесуінде Еуроодақтың Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы Иранның ұстанымын қолдайтынын қуаттап, Одақтың Ауғанстандағы бейбітшілікті қорғап, нығайту үшін Иранмен ынтымақтастық жасауға дайын екенін жариялады. ИИР Ауғанстанмен шекаралас мемлекет ретінде бұл елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдап, әрқашан Ауғанстандағы тұрақтылықты ауғандардың өздерінің күштеріне сүйеніп, ілгерілетуге талпынды. Иранның Ауғанстамен шекаралас болуы және бұл елдің қауіпсіздік мәселесіне әсері Теһранның Ауғанстанның шынайы саяси өзгерістерін көздеуіне себеп болды. Дипломатиялық және саяси жолдарды пайдалану – ИИР-ның Ауғанстан қиындықтарын шешу жолындағы стратегиясы. Аймақтық және трансаймақтық мүмкіндіктерімен Ауғанстан дағдарысын шешу туралы кеңестер өткізіліп жатыр. Ауғанстан істері жөніндегі Еуроодақ өкілінің Теһранға келуі – Ауғанстан өзгерістеріне қатысты Теһранның ұстанымы мен Ауғанстандағы бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы келіссөздер екенін растауының белгісі. Иранның Ауғанстан өзгерістеріне әсер етуі және екі ел халықтарының мәдени, тіл және діни ортақ мәселелері, сондай-ақ, ортақ шекаралары Еуропаны Ауғанстан қиындықтарын шешу үшін Иранмен қарым-қатынас орнатуға мәжбүрледі. Бұл салада Ауғанстан істері жөніндегі Еуроодақ өкілі Еуроодақ пен Иранның Ауғанстанға қатысты ынтымақтастықтарды кеңейту бойынша көптеген ортақ ұстанымдарға ие екенін мәлімдеді.
ИИР Ауғанстан дағдарысын шешу саласында сол елдің халқы мен ұлттық егемендігін басты мәселе санайды. Иран үкіметінің Ауғанстан өзгерістеріне қатысты көзқарасын басшылары растап отыр.
Ауғанстан ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы басшысы Абдолла Абдолланың пікірі бойынша ИИР-ның Ауғанстандағы бейбітшілік туралы ұстанымы Ауғанстан халқын, үкіметі мен егемендігін қолдауға сүйенеді.
Ауғанстанның саяси мәселелер бойынша маманы Вахид Мужденің пікіріне сәйкес, ИИР Ауғанстан мәселелерін шешуде сындарлы рөл атқарады. Иран Ауғанстанда бейбітшілік орнатуда халқы мен үкіметінің рөлін маңызды санап, ауғандықтар арасындағы келіссөздерге ерекше назар аударады. Үкімет, халық және саяси топтардың бірлігі - Ауғанстандағы бейбітшілік орнатудың негізі шарттары. Иран бұл мәселеге әрқашан ерекше көңіл аударады.