Еуропа Трамп үкіметінің Иранға қарсы жаңа әрекетіне сылбыр реакция білдірді
Трамп үкіметінің Теһранға қысымды арттыру мақсатын көздеген Иранның мұнайын сатып алуға берілген жеңілдіктердің уақытын созбау әрекетіне еуропалықтар сылбыр реакция білдірді.
Еуроодақ АҚШ-тың Иранның мұнайын сатып алаатын елдерге берген жеңілдіктердің уақытын созбауына өкініш білдірумен шектелді. Еуроодақтың Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің баспасөз хатшысы Майя Косьянчич журналистерге берген сұхбатта: «Брюссель Вагингтонның Ираннан мұнай сатып алатын елдерге берген жеңілдіктердің уақытын созбауына өкініш білдіреді. Өйткені, бұл әрекет бәрінен бұрын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған ядролық мәселеге қатысты келісімді әлсіретеді»,- деді. Шын мәнінде, Еуроодақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын әшкере бұзып отырған АҚШ-тың біржақты әрекетіне тек өкініш білдірумен шектелді. Британия Сыртқы істер министрлігі де сейсенбі күні АҚШ-тың Ираннан мұнай сатып алу туралы жеңілдіктерді созбау шешіміне өкініш білдірді.
Еуропалықтар 2018 жылдың 8-ші мамыр күні АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан кезде Вашингтонға қысым көрсететін шара қолданудың орнына айыптаумен шектелген болатын. Трамп үкіметі Иранды өзіне бағындырып, Вашингтонның заңсыз талаптарын қабылдауға мәжбүрлету үшін әрекеттеніп жатқан кезде Еуроодақ өкініш білдіруді місе тұтты.
Еуроодақ пен Германия, Франция және Британия кіретін «еуропалық үштік» «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Еуропаның мүдделері үшін қолдаған болатын. Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Иранның ядролық мәселесін шешкен және халықаралық қайшылықтарды шешудің үлгісі деп атаған. Сол себепті де Косьянчич: «Еуроодақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табандылық білдіруін жалғастырады. Өйткені, бұл – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде бірауыздан бекітілген, аймақ пен әлемнің қауіпсіздігі үшін маңызды келісім»,- деп қуаттады. Бірақ, Ресей 4+1 тобының мүшесі ретінде Вашингтонның Иранға қарсы әрекетіне реакция білдірді. Мәскеудің пікірінше, Трамп үкіметінің жаңа шешімі Вашингтонның Теһранға қарсы ежелгі саясаттары бойынша қабылданды. Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова АҚШ-тың Ираннан мұнай сатып алуға қатысты жеңілдіктердің уақытын созбауына реакция білдіріп, ирандықтарға қысым көрсетуді Вашингтонның ескі саясаты деп атады.
Мәскеу Вашингтон Иранға қарсы жан-жақты әрекеттерді көздеп отырғанын, мұнай бөліміне санкция салудың солардың тек бір бөлімі ғана екенін мәлімдеді. Мәскеудің Трамп үкіметінің Иранға қарсы әрекеттеріне қатысты ұстанымы шындыққа сай. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео дүйсенбі күні Ираннан мұнай сатып алуға қатысты жеңілдіктердің уақытын созбайтындарын жариялаған соң Теһраннан оның 2018 жылы жобалаған 12 шартын қабылдауды талап етті. Иран бұл шарттарды қабылдамайтынын әу бастан жариялаған болатын.