Иран қарсыласуды көздемейді, бірақ өзін қорғайды
Иранның Сыртқы істер министрі Зариф елінің текетіресу мен қарсыласуды көздемейтінін, бірақ өзін қорғайтынын айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Нью-Йоркте орналасқан БҰҰ-дағы Иран өкілдігінің кеңсесінде Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранмен соғысуды қаламайды, бірақ бір топ оны соғысқа тартуға күш салып жатыр.
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон мен Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудан тұратын топ Трампты Иранмен қайшылыққа тартуға талпынып жатыр.
Қазіргі саясаттарды жоспарлаушылар келіссөздерге негізделген шешім жолын табуды көздемейді. Сондықтан бұл адамдар үлкенірек дағдарысқа айналып кететін оқиғаны жобалауы мүмкін",-деді.
Ол, сондай-ақ, АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы санкцияларын түкке тұрғысыз деп атап: "Егер АҚШ бұрынғыдай әріптестік ережелері, байланыс желілері мен протокалдарды сақтаса, АҚШ-тың Парсы шығанағындағы құзыры тұрақсыздық тудыратынына қарамастан, Иран ешқандай шара қолданбайды", -деді.