Трамп үлгісіндегі біржақтылық – бейбітшілік демократиясы үшін қауіпті,
(last modified Thu, 25 Apr 2019 16:22:37 GMT )
Сәу 25, 2019 22:22 Asia/Almaty
  • Трамп үлгісіндегі біржақтылық – бейбітшілік демократиясы үшін қауіпті,

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф көпқырлылықты қорғау үшін АҚШ-тың заңсыз шаралар арқылы өзі ойлаған мақсаттарға жетуіне тосқауыл қою керектігін баса айтты.

Мохаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында "Халықаралық көпқырлылық және бейбітшілік дипломатиясы" күнін тойлау рәсімінде АҚШ-тың басқаларды халықаралық құқықтар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзуға итермелейтін кез келген қысымын қабылдамау керектігін қуаттады.

Дональд Трамп басқаратын АҚШ-тың қазіргі үкіметі халықаралық заңдар мен келісімдерді құрметтемей, өзі ойлаған мақсаттарға жету үшін кез келген саясатты пайдаланып келеді. Трамп үлгісіндегі біржақтылық тек Иранға ғана қарсы емес.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан, БҰҰ-ның адам құқығы кеңесі мен осы ұйымға қарасты органдардан, Париж климаттық келісімі мен орта қашықтыққа арналған зымырандарға тыйым салу келісімінен шығуы Трамп үкіметінің заңсыз шаларының бір бөлігі саналады. Мұның барлығы әлемдегі көпқырлылық жүйесіне қатер төндіріп отыр.

Трамп үкіметі қолданып отырған басқыншылық реализміне негізделген біржақтылық саясаты әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне төнген шынайы қатер, тіпті БҰҰ-ның жарғысына сенімсіздік тудырып отыр. АҚШ Президентінің шараларына үнсіздік таныту әлемдік қауымдастықта қатерлі бастаманың негізін қалайды. Мұндай жағдайда Трамптың саясаты тек АҚШ-қа қарсы елдермен шектелмей, тіпті бұл елдің одақтастарын да нысанаға алатын болады.

Кеден тарифін қолдану арқылы Еуропа елдеріне қысым жасау, оңшыл әсірешілдерді қолдау арқылы ескі және жаңа Еуропа арасына жік салу Трамп үкіметінің өзінің дәстүрлі одақтастарына қатысты біржақты қатынасын ашық көрсетті.

АҚШ үкіметінің біржақты жауластық қатынасының шарықтау шыңы Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы әрекетінен байқалды. Мұндай саясат әлемдегі кез келген тәуелсіз елге қарсы қолданылуы мүмкін. Бір елдің Қарулы күштерін "лаңкес" деп жариялау – қатерлі іс. Егер әлемдік қауымдастық бұған қатысты біртұтас, байсалды ұстаным білдірмесе, мұның алғашқы және соңғы жағдай болмасы анық.

Трамп үкіметінің Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы қолданып отырған саясатына немқұрайлы қарауға болмайды. БҰҰ көпқырлылықтың символы және әлемдік бейбітшіліктің қолдаушысы ретінде АҚШ-тың өзімшіл әрекеттеріне қарсы маңызды рөл атқаруы керек.

АҚШ-тың Сақшылар корпусына қарсы әрекетінен кейін Ақ үйдің Иран мұнайын сатып алатын басты елдерге берілген рұқсатты жоюы – АҚШ-тың өзімшілдігінің келесі белгісі. Ол одақтастары алдында жауапкершілікті сақтамай, мақсаттарына жету үшін кез келген елді құрбан етеді.

Осы қатынастың жалғасуы халықаралық сахнадағы көпқырлылық бағдарламалары үшін шынайы қатер болып табылады. Әріптестік пен көпқырлылық саясында әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілдендіріледі. Трамп үкіметінің ұстанған саясатын ескере отырып, тәуелсіз елдер мен БҰҰ  көпқырлылық жүйесін сақтауда маңызды рөл атқара алады.