Зарифтың ұсынысының Британияға қатысы жоқ
(last modified Fri, 26 Apr 2019 11:03:11 GMT )
Сәу 26, 2019 17:03 Asia/Almaty
  • Зарифтың ұсынысының Британияға қатысы жоқ

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Моусави Иран Сыртқы істер министрінің ирандық және америкалық тұтқындарды айырбастау ұсынысына тоқталып, бұл ұсыныстың британиялықтарға қатысының жоқтығын қуаттады.

Сейед Аббас Моусави бейсенбі күні кешке ақпарат құралдарына берген сұхбатында Иран Сыртқы істер министрінің ирандық және америкалық тұтқындарды айырбастау туралы ұсынысы мен британиялық басшылардың сөздері туралы: «Иран Сыртқы істер министрінің Нью-Йорктегі ұсынысы АҚШ-тағы немесе АҚШ-тың қалауымен басқа елдерде қамауға алынған ирандық тұтқындар мен Ирандағы бірнеше америкалық тұтқынға қатысты. Бұл ұсыныстың британиялықтарға, ирандық-британиялық азаматтығы бар кейбір тұтқындарға қатысы жоқ, өйткені Британия басшыларының ойындағы істердің жағдайы мүлде өзгеше»,- деді.

Британия Сыртқы істер министрі Джереми Хант Иран Сыртқы істер министрінің Нью-Йорктегі ұсынысына реакция білдіріп, Зарифтың ұсынысына қарсылық білдірді.