Трамптың Иранға барынша қысым жасау саясаты жеңіліс табады
Сәу 27, 2019 17:11 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф жұма күні АҚШ-тың Fax News арнасына берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға барынша қысым жасау саясаты жеңіліс табатынын баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мохаммад Джавад Зариф сұхбатта Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон мен сионистік режимнің, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің ИИР жүйесін құлатуды көздейтінін айтып: "Б" тобы (Болтон, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин, Сауд әулетінің тақ мұрагері Бен Салман және БАӘ-нің тақ мұрагері Бен Зайед) АҚШ-ты Иранмен әскери қақтығысқа баруға итермелеуге күш салып жатыр",-деді.
Зарифтің толық сұхбаты Теһран уақыты бойынша жексенбі күні кешке таратылады.
Тегтер