Иран АҚШ-қа келіссөз жүргізу туралы ұсыныс жасаған жоқ
(last modified Sun, 28 Apr 2019 09:31:48 GMT )
Сәу 28, 2019 15:31 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-қа келіссөз жүргізу туралы ұсыныс жасаған жоқ

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф сенбі күні CBC телеарнасының «Face The Nation» бағдарламасы жүргізушісінің Иранның қыркүйек айында Трамп үкіметіне келіссөз жүргізу туралы ұсыныс жасағаны туралы уәждеріне білдірген реакциясында: «Иран америкалықтарға келіссөз жүргізу туралы ұсыныс жасаған жоқ, керісінше олардың ұсынысына жауап берді. Енді олардың жауабын күтеді»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Джавад Зариф Иран мен АҚШ арасында тұтқындармен алмасу туралы жуырдағы ұсынысына тоқталып: «Иран 6 ай бұрын АҚШ-қа тұтқындармен алмасу туралы ұсыныс жасады, бірақ Вашингтон тарапынан әлі жауап алған жоқ»,-деді.

Зариф бағдарлама жүргізушісінің "Иран өзінің шынайылығын көрсету үшін осы елде түрмеде жатқан кейбір америкалық азаматтарды неліктен босатпайды?» деген сұрағына берген жауапта АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанына тоқталып, бұл жағдайда керісінше, АҚШ-тың өзі шынайылығын көрсетуі керектігін қуаттады.   

Иран Сыртқы істер министрі ИИР-ның әрдайым өз сөзінде тұрып, міндеттемелерін орындап отырғанын, бірақ АҚШ-тың ешқашан олай істемегенін айтты.