Әлемдік нарықтың АҚШ-тың Иран мұнайына қарсы санкцияларына реакциясы болжаусыз
(last modified Sun, 28 Apr 2019 09:41:55 GMT )
Сәу 28, 2019 15:41 Asia/Almaty
  • Әлемдік нарықтың АҚШ-тың Иран мұнайына қарсы санкцияларына реакциясы болжаусыз

Ресей Президенті Путин әлемдік нарықтың АҚШ-тың Иран мұнайына қарсы санкцияларына реакциясын болжауға келмейтінін, Ресейдің өз мұнайын өндіруді шұғыл түрде арттырмайтынын мәлімдеді.

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин  Қытай сапарының соңында Бейжіңде тілшілерге берген сұхбатында әлемдік қуат нарығының АҚШ-тың Иранның мұнайына қарсы санкцияларды күшейту туралы шешіміне қандай реакция көрсететінін елестете алмайтынын мәлімдеп: «Біз ОПЕК аясында келісімдер жасадық. Сол себепті мұнай өндірудің көлемін шұғыл түрде арттырмаймыз. ОПЕК-пен арадағы келісімдерге табандылық танытамыз»,-деді.

Владимир Путин кешегі сөзінің бір бөлігінде, сондай-ақ, сириялық оппозиционерлерді осы елде конституциялық комитеттің құрылуына кедергі жасап отырғаны үшін сынап, Сирияның Идлиб өңірінде лаңкестерге қарсы ауқымды әскери амал жасалу ықтималын хабарлады.