Лондон мен Берлин халқы Арабстанда оппозиционерлерді жаппай өлім жазасына кесуге наразылық білдірді
(last modified Sun, 28 Apr 2019 09:53:34 GMT )
Сәу 28, 2019 15:53 Asia/Almaty
  • Лондон мен Берлин халқы Арабстанда оппозиционерлерді жаппай өлім жазасына кесуге наразылық білдірді

Сауд Арабиясындағы өлім жазаларына наразылықтардың жалғасында Лондон халқы шеру өткізіп, мұндай қылмысты жасаушылардың сотталуын талап етті.

Al-Alam ақпарат арнасының сенбі күнгі хабарлауы бойынша, басым бөлігін шиіттер құрайтын саудиялық оппозиционерлер тобының өлім жазасына кесілуіне наразылар Лондонда шеру өткізіп, бұл қылмысты айыптады.

Сонымен қатар, саудиялықтардың жуырдағы қылмысына наразылықтардың жалғасында Германияның бір топ азаматы Сауд Арабиясының Берлиндегі елшілігінің алдына жиналды.

Осы наразылық шарасында шерушілер қолдарына плакат ұстап шығып, Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілгендердің жанұялары мен туыстарына көңіл айтып, қылмыскер режимге қарсы ұрандар айтты.

Осы телеарнаның мәліметі бойынша, Сауд Арабиясындағы жуырдағы топтық өлім жазасы осы елді билеушілерге, әсіресе тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның қарсыластарын басып-жаншу саясаты аясында жүзеге асырылды.

АҚШ пен Батыс елдері Сауд Арабиясындағы адам құқығы жағдайына қатысты қара істі жасырып қалуға күш салып жатыр.  

Тегтер