Трамптың Иранға қарсы қысымды арттыру әрекеті сәтсіздікке ұшырайды
Нью-Йоркке сапармен кеткен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф The Fax News арнасына берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы ең күшті қысым көрсету әрекетінің сәтсіздікке ұшырайтынын қуаттады.
Зариф: «Дональд Трамп басқаратын АҚШ-тың қазіргі үкіметі халықаралық заңдар және келісімдермен санаспайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен және БҰҰ-на қатысты басқа органдардан шығу – әлемде орнатылған жан-жақты тәртіпке қауіп-қатер тудырып отырған Трамп үкіметінің заңсыз әрекеттерінің бір бөлімі. Бұл мәселе Иран халқына АҚШ-тың келіссөздерге қатысуының мәні жоқ екенін көрсетеді», - деді.
АҚШ Ислам революциясының жеңісіне дейін және 1953 жылдың тамыз айында төңкеріс ұйымдастырып, Иранның заңды үкіметін құлатуынан бері үнемі әртүрлі сылтауларымен мұнай өндірісі мен оны экспорттауға кедергі жасап, Иранның байлығын талан-таражға салуға, сондай-ақ Иранның жағдайын аймақтағы әскери база ретінде пайдалануға талпынды. АҚШ басшыларының өткен 40 жылдағы Иранға қатысты әрекеттері отаршылық саясаттарының жалғасы. АҚШ аймақтағы мүдделері мен билеп-төстеу мақсатын қорғау үшін соғыс, төңкеріс, санкциялар, қирату, лаңкестік, қоқан-лоққы және басқаларды айыптау секілді барлық құрал мен тәсілді пайдаланды. Бүгінде де АҚШ аймақтағы билеп-төстеу саясаттарын жалғастыру үшін аталмыш әдістерді пайдаланып отыр.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 1395 жылдың шаһривар айында Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде АҚШ-қа сенбеуді терең ойлары мен тәжірибенің нәтижесі деп атап: "АҚШ-тың дұшпандығын революциядан кейінгі жылдары, сондай-ақ, ядролық мәселеге қатысты келіссөздер мен басқа мәселелерден көрдік. АҚШ сол үдерісті әлі жалғастырып келеді. АҚШ зымырандық әлеует тақырыбына қорғаныс және стратегиялық күш-құдыреттің маңызды факторы ретінде шоғырланып, санкцияларды күшейтуді Иранның экономикасына соққы беретін құрал ретінде пайдаланып, Ирандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты бұзуды көздеуде. АҚШ-тың келесі мақсаты Иранның аймақтағы рөлін шектеулі етіп көрсетіп, аймақ пен халықаралық деңгейдегі Иранның қарым-қатынасын бұзу болып табылады. Бірақ, бұл ел ешуақытта мақсаттарына жетпейді",- деген болатын.
Саяси мәселелердің сарапшысы Абдулбари Атуан: "Трамп санкцияларының мұнай экспортын тоқтату секілді негізгі бөлімін іске асырып, Ирандағы тұрақтылықты бұзғысы келеді. Бірақ, бұл әрекетімен өртпен ойнап отыр. Бұл соғыстың өрті Израильдің арандатуымен басталды. Алайда бұл соғыстан Сауд Арабиясы мен басқа елдер көбірек зардап шегуде. Иран – күшті және стратегиялық жобаға ие мемлекет. Ол өзінің әскери әлеуеті және зымырандық күшімен бақылауды өз қолына алып, қарсы жақты жылдам бағындыра алады",- деді.