Солтүстік Корея зымырандық сынақ өткізгенін растады
Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі дүйсенбі күні бұл елдің зымырандық сынақ өткізгенін растады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі бұл елдің жексенбі күнгі басқыншылық жаттығуында көпқырлы зымыран атқыш пен алыстан басқарылатын тактикалық қаруларды сынақтан өткізгенін хабарлады.
Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, басқыншылық жаттығуы осы елдің басшысы Ким Чен Ынның бақылауымен өтті.
Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі әскери жаттығудың мақсатын көпқырлы жоғары колибрлі зымыран атқыштардың дәлдігін бағалау деп жариялады.
Оңтүстік Корея армиясының ортақ штабы жексенбі күні Солтүстік Кореяның қысқа қашықтыққа арналған бірнеше зымыранды Вонсан айлағынан шығысқа қарай атқанын хабарлады.