Зариф: Иран мен Ресейдің ядролық ынтымақтастығы жалғасады
Иранның Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың шараларына қарамастан, Иран мен Ресейдің Бушер АЭС-і мен Форду ядролық нысанына қатысты әріптестігі жалғасады»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен ортақ баспасөз конференциясында Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясындағы кейбір шараларды тоқтатуының АҚШ-тың соңғы санкцияларымен күресу үшін жасалғанын айтып: «Америкалықтар аймақтағы жағдайды бұзды. Аймақта ешбір ел АҚШ-тың негізсіз сөздеріне сенбейді»,-деді.
Зариф Иранның қақтығысты қаламайтынын, бірақ АҚШ-тың өз саясатынан бас тартуы керектігін айтып: «Америкалықтар аймақта бүлік шығаруды көздеп отыр»,-деді.
Иранның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, АҚШ-тың Сирия дағдарысын шешудегі бүлдіргі әрекеттеріне тоқталып: «Сирия үкіметі мен сириялық наразылар осы елдің конституциялық комитетін құру жөнінде келісімге келді, бірақ АҚШ пен басқа бірнеше ел бұл істің орындалуына кедергі болып отыр»,-деді.