Иран еуропалықтарға қатаң жолдауын жіберді
(last modified Fri, 10 May 2019 12:12:25 GMT )
Maм 10, 2019 18:12 Asia/Almaty
  • Иран еуропалықтарға қатаң жолдауын жіберді

Иран Сыртқы істер министрі: «Еуроодақтың Ираннан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына біржақты табандылық сақтауды талап етуінің орнына бұл келісімдегі өз міндеттемелерін орындауы дұрыс болар еді»,- деді.

 

 Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Иранның 60 күн уақыт беруіне байланысты Еуроодақтың Ислам республикасының біржақты табандылық сақтауы туралы мәлімдемесіне реакция білдіріп: «АҚШ  бір жыл бойы Еуропа мен басқа әлемге күш көрсетуде, Еуропа болса тек өкініш білдірумен шектелуде»,- деп қосты.

Еуроодақ өз мәлімдемесінде Иранның олар үшін жариялаған жаңа мұрсатына реакция білдіріп, саяси тұрғыдан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтыны туралы тоқталып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ультиматумды қабылдамайтынын жариялады. Бұл мәлімдеме еуропалықтардың АҚШ-тың алдында дәрменсіз екендерін және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін қаржы шығарғылары келмейтіндерін көрсетті. Еуропалықтар өткен бір жылда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтындары туралы саяси ұстанымдарын жариялады, бірақ іс жүзінде ядролық келісімдегі Иранның мүдделерін қамтамасыз ететіндей әрекеттенбеді. 2018 жылдың мамыр айында АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан кезде, еуропалықтардың өтініштерімен Иран келісімнен шықпай, оларға АҚШ шыққаннан кейінгі шығындардың орның толтыруға мұрсат берді. АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуынан бір жыл өткенімен еуропалықтар Иранның сабыр сақтауын пайдаланып, АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы әрекеттерімен санкцияларды жалғастыруына қарсы тек өкініш білдірумен шектелді. Сондықтан Иран 2019 жылдың 8 мамырында стратегиялық сабырын тоқтатып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы іске асыруды күн тәртібіне қойды. Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтып, еуропалықтар үшін өз міндеттемелерін орындау үшін жаңа мұрсат белгіленді. Бұл жаңа мұрсат еуропалықтарға қатаң жолдау ретінде жарияланып, ИИР Президенті Хасан Рухани еуропалық мемлекеттер және Қытай мен Ресей басшыларына жіберген хаттарында оларды Иранның еуропалықтардың әр әрекетіне қатаң реакция білдіретіні туралы хабардар етті. Ира Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас  Арақчи: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына мүше елдер Иран мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде  талқылаудың Теһранның қызыл сызығы екенін біледі. Егер бұл қызыл сызық сақталмаса, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы толық жойылады»,- деді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуы Иранның АҚШ-тың аталмыш келісімнен шығуы мен еуропалықтардың өз міндеттемелерін іске асыруын кешіктірулеріне жауап болды. Иран өзінің жаңа әрекетінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз негіздерінше бұзылған теңгерімді қайтаратын жаңа саясатты ұстану шешім қабылдады. Иран Президентінің айтуынша, «міндеттемеге – міндеттеме» және «нұқсан келтіруге – нұқсан келтіру» ядролық келісімге қатысты Иранның жаңа саясаты. Иранның ауыр су мен байытылған уранды сатпау шешімі Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы саясатын қайта қарастыруының белгісі әрі еуропалықтарға ИИР енді сабыр сақтамайтының және аталмыш келісімнің әр жаңа жағдайына еуропалықтардың жауапты екені туралы жолдауды жеткізді.