Иран Сыртқы істер министрі Түркіменстан Президентімен Ашхабадта кездесті
(last modified Mon, 13 May 2019 11:38:34 GMT )
Maм 13, 2019 17:38 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Түркіменстан Президентімен Ашхабадта кездесті

ИИР Сыртқы істер министрі мен Түркіменстан Президенті бүгін Ашхабадта кездесіп, пікір алмасты.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бұл кездесуде екіжақты қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен аймақ және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф елінің саяси-экономикалық жоғары лауазымды қайраткерлері делегациясын басқарып, Түркіменстан астанасы Ашхабатқа сапармен аттанған болатын.