Maм 14, 2019 13:59 Asia/Almaty
  • Могерини:   INSTEX-тың алғашқы операциясы алдағы бірнеше аптада іске асырылады

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының толық орындалуына табанды екенін қуаттауымен бірге Иранмен арнайы қаржы желісі INSTEX-тың алғашқы операциясының алдағы бірнеше аптада іске асырылатынына үміттенді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Федерика Могерини дүйсенбіде Еуроодақ Сыртқы істер министрлері отырысынан кейін: «Бұл отырыста «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына мүше еуропалық елдермен INSTEX-ты іске қосып, оның  алғашқы операциясын  алдағы бірнеше аптада іске асыру туралы пікір алмасу өтті»,- деді. Могерини Еуроодақ пен Еуропаның барлық мемлекеттерінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының толық орындалуын қолдайтындарын еске салды. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы сондай-ақ Ираннан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болуды сұрады.

 

Тегтер