Зариф Токиода Жапония Премьер-министрімен кездесті
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Токиода Жапония Премьер-министрімен кездесіп, екіжақты қарым-қатынас, ең маңызды аймақтық және халықаралық мәселелер, соның ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жайында сұхбаттасып, пікір алмасты.
Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ осы кездесуде өз елінің Иранмен байырғы қатынасын сақтап, дамытуға мүдделі екенін айтып: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – маңызды жетістік, сондықтан осы халықаралық келісімді сақтауға талпыну керек",-деді.
Синдзо Абэ, сондай-ақ, Батыс Азия аймағында текетірестердің күшейгеніне алаңдаушылық білдіріп, Иранның аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөлі мен орнын қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі, сонымен қатар, бүгін, бейсенбі күні Жапонияның Сыртқы істер министрі Таро Кономен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты соңғы өзгерістер мен ИИР-ның АҚШ үкіметінің заң және уәде бұзушылығы, еуропалықтардың бұл келісімді орындау үшін тиісті шара атқармағанына жауап ретінде қолданған заңды шарасы туралы сұхбаттасты.