Трамп: Иран жуырда АҚШ-пен сұхбаттасады
АҚШ Президенті сәрсенбі күні кешке Иранның жуырда АҚШ-пен сұхбаттасатынын тағы да айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Twitter-дегі жеке парақшасында Иранға қатысты әртүрлі көзқарастар айтылып жатқанын жеткізіп, өзінің қорытынды шешім қабылдайтынын айтып: "Иранның жуырда келіссөз жүргізуді сұрайтынына сенімдімін",-деп жазды.
АҚШ Президенті бұдан бұрын да ИИР басшыларының жаңа келісім үшін өзімен байланысқа шығатынын айтқан болатын.
Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні жүйе басшылары және жауапты тұлғаларымен кездесуінде АҚШ-пен келіссөздің болмайтынын айтқан жағдайда Трамп қиялдауы жалғастыруда.
Хазірет аятолла Хаменеи: "Иран халқының дұшпанға қатысты кесімді таңдауы – барлық салада қарсыласу, өйткені АҚШ-тың қазіргі үкіметімен келіссөз жүргізу үсті-үстіне у ішумен бірдей",-деді.