Зариф Трамптың жаңа уәжіне реакция білдірді
ИИР Сыртқы істер министрі жұма күні кешке АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранның америкалық ақпарат құралдарының қауесеттеріне байланысты сергелдеңге түскені туралы сөздеріне реакциясында: «Америкалықтардың сөздеріндегі қарама-қайшылықтар кімнің не істеу керектігін білмейтінін көрсетіп отыр»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-де: «Б» тобы бір сөз айтып, Трамп басқаша сөйлеген кезде кімнің не ойлау керектігін білмейтіні толығымен айқын»,-деп жазды.
Зариф: «Ирандықтар мыңдаған жыл бойы не ойлау керектігін біледі. 1953 жылдан бастап (х.ш.ж.с.б. 1332 жылдың 28 мордадындағы төңкеріс) АҚШ жайлы не ойлау керектігін де біледі»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі бұдан бұрын: «Б» тобы (Болтон, Беньямин Нетаньяху – сионистік режимнің Премьер-министрі, Бен Салман – Саудия режимінің тақ мұрагері, Бен Заид – БАӘ-нің тақ мұрагері) АҚШ-ты Иранмен әскери қақтығысқа итермелеуге талпынып жатыр»,-деген болатын.