Maм 19, 2019 19:13 Asia/Almaty
  • Америкалық газет Джон Болтонды келекеледі

"Onion" әзіл-ысқақ газеті АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонды қансыраған күйде салып: "Болтон иығын ұстап, еңіреп жылап, АҚШ Конгресіне барып, Иран тарапынан нысанаға алынғанын айтты",-деп әзілдеп жазды.

Бұл америкалық газет әзілінің жалғасында: "Болтон бұл суретте жанындағы адамдарға өз жұмысын істеп жатқан кезде Иранның оған ұзақ қашықтыққа арналған бір зымыран атқанын айтты",-делінген.

Болтон: "Бұл оқиғадан кейін күлген адамдардың дауысын естідім. Олар айуандық шабуыл бастамас бұрын Болтонды тоқтатыңдар деп айтып жатты",-деп жалғастырды.

Америкалық газеттің Джон Болтонды мазаққа айналдыруы АҚШ-тың ішінде де бұл елдің  Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің  дұшпан елдер, соның ішінде  Венесуэла мен Иранға қарсы жауластық саясат қабылдауда шектен шығып отырғанын көрсетеді.

Тегтер