Зариф: Трамп тарихты білмейді, ирандықтарды танымайды
https://itolqyn.com/news/world-i42228
Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ Президентінің Иран жайлы күлкілі сөздері оның тарихты білмейтіні былай тұрсын, ирандықтарды танымайтынын көрсетті»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 25, 2019 13:50 Asia/Almaty
  • Зариф: Трамп тарихты білмейді, ирандықтарды танымайды

Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ Президентінің Иран жайлы күлкілі сөздері оның тарихты білмейтіні былай тұрсын, ирандықтарды танымайтынын көрсетті»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні  IRNA-ға берген сұхбатында АҚШ Президентінің Иран халқын лаңкес деп атаған күлкілі сөздеріне реакция білдіріп: «Егер біреу лаңкес болса, ол Трамптың өзі. Өйткені ол экономикалық лаңкестік жасады»,-деді.

Зариф, сондай-ақ, Трамптың бірнеше күн бұрын Иран билігінің құлағанына куә болатыны туралы айтқан сөздеріне тоқталып: «Иран мыңдаған жыл болды, бола береді де. АҚШ басшылары жаңа пайда болған ел ретінде Иран жайлы бұлай сөйлей алмайды»,-деді.

Зариф: «Трамп пен оның әріптестерінің сөздері Иран халқын қолдайтыны туралы уәждерінің өтірік екенін көрсетті»,-деді.