АҚШ Батыс Азияға 1500 сарбаз жібереді
АҚШ Президенті жұма күні осы елдің 1500 әскериінің Батыс Азияға жіберілетінін хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп бұл сарбаздар Батыс Азияға профилактикалық мақсатта жіберіледі деп уәж айтты.
Трамп сайлауалды науқанында өзіне дейінгі басшыларды аймаққа әскер жіберді деп сынап, сайлауда жеңіске жеткен жағдайда бұл елдің әскерилерін үйге қайтаруға уәде берген жағдайда Батыс Азия аймағында америкалық әскерилер санын арттырайын деп отыр.
Ресей СІМ жұма күнгі мәлімдемеде АҚШ-тың әскери құзырын күшейтуге шешім қабылдағанына алаңдаушылық білдіріп: «АҚШ-тың Батыс Азияға 1500 әскери жіберу туралы шешімі үлкен қақтығыстың туындауына әкелуі ықтимал»,-деп мәлімдеді.
Ресей СІМ АҚШ-тың осы шарасына реакциясында: «Мәскеу бұл мәселені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде көтеріп, талқылауы мүмкін»,-деді.