Ресей жаңа зымыранды сынақтан өткізді
(last modified Tue, 04 Jun 2019 12:07:26 GMT )
Маусым 04, 2019 18:07 Asia/Almaty
  • Ресей жаңа зымыранды сынақтан өткізді

Ресейдің Қорғаныс министрі бейнетаспа таратып, осы елдің қорғаныс кешеніне қатысты бір зымыранның сынақтан сәтті өткенін хабарлады.

Ресей әуе-ғарыш күштерінің зымыран шабуылынан қорғаныс құрылымы қолбасшысының орынбасары полковник Владимир Сергиенко сейсенбі күні РИА Новости ақпарат агенттігіне берген сұхбатында зымыранның сынақтан өткені туралы: "Сынақ сәтті аяқталды. Зымыран алдын ала белгіленген нысанаға дөп тиді",-деді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің әуе-ғарыш күштері құрлықтан атылатын зымыранның сынағын Қазақстанның Сарышаған сынақ полигонында жүзеге асырды.

1950 жылдары Батыс тарапынан құрлықаралық баллистикалық зымырандардың ядролық қаупі болған кезде Кеңес одағы осы қатермен күресу үшін Қазақстанда аса құпия жоба орындады.

Осы аяда Қазақстанда жалпы 11 сәтті сынақ өткізілді. Оны дамыту бағдарламасы өткен жылдар барысында жалғасын тауып келді.